1. Ережелер

1. «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі (бұдан әрі - Агенттік) мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, Қазақстан Республикасының білім беретін ұйымдарын ұлттық және халықаралық деңгейлерде институционалдық, мамандандырылған аккредиттеу және рейтингтік зерттеулер рәсімдерін жүргізу арқылы бәсекелестік қабілетін көтеруге арналған заңды тұлға мәртебесі бар ұйым болып табылады.

2. Агенттік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейтін, үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Агенттіктің тәуелсіз мәртебесі бар және өз әрекеті үшін автономдық жауапкершілікте болады, және ешқандай үшінші тарап (білім беру ұйымдары, министрліктер және басқа да мүдделі тараптар) есептерде жазылған қорытындылар мен ұсыныстарға әсер ете алмайды.

3. Агенттіктің мемлекеттік тіліндегі толық атауы «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі, қысқартылған атауы «АРТА».

4. Агенттік өз қызметінде ҚР Азаматтық кодексін, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңын, басқа да қолданыстағы заңдарды, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

5. Агенттіктің орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 2, СК 4Г..

6. Агенттік заңды тұлға болып табылады, өз атынан шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар, жеке мүлкі, дербес балансы бар, мөрі, банктерде шоттары, өзінің атауларымен бланкалары бар. Агенттік өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақша қаражаттарымен және өзіне тиесілі меншік мүлкімен жауап береді. Агенттіктің аталған қаражаты оның міндеттемелері бойынша жеткіліксіз болған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен оның құрылтайшысы жауапты болады.

7. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар құра алады және өкілдіктер аша алады.

 

2. Агенттіктің нысаны және мақсаттары

9. Білім беру ұйымдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін жүргізуді ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету, аккредиттеудің стандарттары мен критериилерін әзірлеу, Қазақстан Республикасының жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі білім берудің білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша және мамандар даярлау деңгейлері бойынша рейтингілік зерттеулерін жүргізу Агенттік қызметінің мақсаты болып табылады.

 

10. Алдына қойған мақсаттарына жету үшін қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады:

1) білім беру ұйымдарында – жоғары оқу орындарында, жоғары оқу орындарынан кейін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарда, ересектер үшін қосымша білім беретін ұйымдарда, техникалық және кәсіптік, орта білімен кейінге, халықаралық мектептерде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындарында институционалдық және арнайы аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;

2) білім беру ұйымдарында институционалдық және арнайы аккредиттеудің стандарттары мен критериилерін әзірлеу;

3) білім беру ұйымдарында институционалдық және арнайы аккредиттеу жүргізгеннен кейін одан кейінгі рәсімдерді өткізу;

4) білім беру ұйымдарына сапасын қамтамасыз ету, институционалдық және арнайы аккредиттеу, аудит және білім беру қызметінің сапасын бағалау, рейтингтік зерттеулер және басқа да білім берудің сапасын қамтамасыз етудегі басқа да құралдары мәселелері бойынша консалтингтік қызмет көрсету;

5)білім беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттарды әзірлеуге қатысу;

6) Аккредиттік кеңестердің отырыстарын, халықаралық конференцияларды, симпозиумдарды, академиялық сарапшыларға, жұмыс берушілерге және тыңдаушыларға арналған үйретуші семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

7) білім беру ұйымдарында институционалдық және арнайы аккредиттеу жүргізу бойынша халықаралық жобаларға қатысу;

8) білім берудің сапасын қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;

9) сапаны қамтамасыз етудің халықаралық желісінің жұмысына қатысу: Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі (INQAAHE), Білім берудегі кепілді сапаның Еуразиялық желісі, Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азиялық-Тынық мұхиттық желі (APQN), Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастық (ENQA), Білім берудің және ислам әлемінің сапа кепілдіктері агенттіктерінің қауымдастығы (AQAAIW), Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктер желісі (CEENQA), Академиялық рейтингтер бойынша халықаралық обсерваториясы (IREG) және басқалары;

10) Агенттіктің қызметінің бағыттары бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік және арнайы басылымдарды басу және шығару;

11) сапаны қамтамасыз ету саласындағы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;

12) білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдарын ранжирлеудің әдістемелерін әзірлену;

13) білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларына мамандар даярлаудағы деңгейлері және бағыттары бойынша рейтингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.