Аккредиттеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

I. білім беру ұйымының өтініш білдіруі;

II. білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы (ішкі бағалау);

III. сыртқы бағалауды жүргізу үшін сарапшылардың келуі;

IV. аккредиттеу туралы оң/теріс шешім қабылдау.

 

· Білім беру ұйымы, мемлекеттік лицензияның көшірмесі және білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымшаларын, жоғары оқу орны қызметінің қысқаша сипаттамасын қоса тіркеп, институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуді өткізуге Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) директорының атына өтініш береді. Мамандандырылған аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымы институционалдық аккредиттеуден өткені жайлы куәліктің көшірмесін қосып ұсынады.

· АРТА мен білім беру ұйымы институционалдық/мамандандырылған аккредиттеу рәсімін бастау туралы шешім қабылдайды. Агенттік пен білім беру ұйымының арасындағы институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуді өткізу туралы екіжақты келісім-шарттың жасалуы және аккредиттеуге үміткер мәртебесін беру.

· Білім беру ұйымы мен АРТА басшылығы институционалдық/мамандандырылған аккредиттеу рәсімдері мен өлшемдерін білім беру ұйымының ішкі сарапшыларына түсіндіру мақсатында институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуді өткізу технологиясы, әдістемесі мен теориясына қатысты сұрақтар бойынша арнайы семинарлар ұйымдастырады.

· Білім беру ұйымы АРТА белгілеген стандарттар мен өлшемдерге сәйкес өзін-өзі бағалауын өткізеді, және өзін-өзі бағалау туралы есебін АРТА-ға ұсынады.

· АРТА Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы жоғары оқу орнының аудитін өткізу мақсатында сараптау коммисиясын қалыптастырады. Сараптау комиссиясы 7 (8) сарапшыдан тұрады, оның құрамына Қазақстан қоғамының академиялық өкілдері, жұмыс берушілер мен студенттік жастар өкілдері және шетел сарапшысы кіреді.

· Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау туралы есебінің негізінде АРТА өзін-өзі бағалау материалдарын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді, немесе сыртқы сараптамалық бағалауды өткізу туралы шешім қабылдайды, немесе өлшемдерге сай келмегендіктен аккредиттеудің мүмкінсіздігі және келісім-шартты тоқтату туралы шешім қабылдайды.

· Аккредитеу жалғасқан жағдайда АРТА мен сараптау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымымен аккредиттеуді өткізу мерзімі мен комиссияның жұмыс жоспары жөнінде келіседі.

· Сараптау комиссияның білім беру ұйымына баруы үш-бес жұмыс күні ішінде өткізіледі. Бару аяқталған кезде сыртқы сараптау комиссия жоғары оқу орнының қызметін бағалау бойынша толық есеп әзірлейді. Осы есеп Аккредиттеу Кеңесімен аккредиттеу туралы шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

· Оң шешім қабылданған жағдайда АРТА директорымен қол қойылған институционалдық/мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік қолданылу мерзімінің көрсетілуімен білім беру ұйымына жіберіледі. Одан кейін жоғары оқу орнын аккредиттеу туралы шешім 2/3-Ұлттық тізілімге қосу мақсатында ҚР БҒМ-ге жіберіледі және АРТА-ның веб-сайтында орналастырылады.

· Жеке кемшіліктер болған жағдайда аккредиттеу бір жыл мерзімге беріледі. Мерзімнің өтісімен АРТА-ның сараптау комиссиясы білім беру ұйымына бару арқылы жекелеген кемшіліктердің жойылғанын тексереді. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеудің мерзімі бес жылға дейін ұзартылады. Егер жекелеген кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған болса, аккредиттеудің әсері тоқтатылады және өтініш білдірген ұйым аккредиттеу бағдарламасын қайтару туралы шешім қабылдаған уақыттан бастап бір жыл бойы АРТА-ға аккредиттеу үшін өтініш беру құқығынан айрылады.

АРТА-ның институционалдық аккредиттеу рәсімін өту үшін ЖОО-ға қойылатын бастапқы талаптар

АРТА-ның мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өту үшін ЖОО-ға қойылатын бастапқы талаптары

АРТА-ның институционалдық аккредиттеу рәсімін өту үшін ТжКБ ұйымына қойылатын бастапқы талаптары

АРТА-ның мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өту үшін ТжКБ ұйымына қойылатын бастапқы талаптары