Конференция бағдарламасын жүктеу

2016 жылдың 6-7 қазан аралығында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 5-жылдық мерейтойын тойлау шеңберінде «Жаһандық сын-тегеурін және тәуелсіз аккредиттеудің Қазақстандағы болашағы» тақырыбында Халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім жене ғылым министрлігінің, Білім беру апасы кепілдігі бойынша агенттіктердің Еуропалық тізілімі (EQAR), Білім беру сапасын қамтамасыз ету Еуропалық ассоциациясы (ENQA), шетелдік аккредиттеу органдары – ACQUIN, FIBAA, AIC (Латвия), Росаккредагентство, АККОРК, халықаралық мекемелер, қазақстандық жоғары оқу орындары өкілдері, жұмыс берушілер және студенттер қатысты.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ конференц-залында пленарлық отырыс өтті. АРТА Директоры Жумагулова А.Б. конференция спикерлері мен қатысушыларымен аталған іс-шараның сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің дамуы және ЖОО-дың әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді позициолануы үшін мағыздылығын атап өтіп амандасты.

Отырыс барысында тәуелсіз аккердиттеу жүйесінің өзекті мәселелері және сапа саласындағы үздік тәжірибені тарату талқыланды.

Күннің екінші жартысында үш панельді сессия жұмыстары жүргізілді:

1) Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеу: жаһандық сын-тегеурін;

2) Кәсіби білім беру сапасын қамтамасыз ету әртараптануы және жаһандануы.

3) Сапаны сыртқы бағалау бойынша кәсіби қоғамдастықтардың қалыптасу мәселелері.

Сонымен қатар, конференция аясында ЖОО ректорлары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктер өкілдері қатысқан Дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда

Қазақстандағы тәуелсіз аккредиттеудің дамуы, білім беру сапасын жақсартудағы ЖОО жауапкершіліктрі талқыланды.

Қорытындылай келе, халықаралыө конференция ұйымдастырушылары мен қатысушылары сапаны қамтамасыз ету ұлттық жүйесін жетілдіру қажеттіліктерін анықтап, резолюция қабылдады:

•Ұлттық тізілімге кіретін барлық аккредиттеу мекемелерін жүйелі түрде жалпылау және 2015 жылдан бастап ESG талаптарына сай білім мекемелерінің сыртқы бағалау сапасын жоғары дәрежеде сақтау кажет деп есептейді.

•Тәуелсіз аккредиттеу Қазақстандық ЖОО-ның білім сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне; түлектердің еңбекпен қамтылуының жақсаруына, оқушылар мен оқытушылардың академиялық мобильділігіне; студентке шоғырланған білім беруге; қазақстандық ЖОО оқыту нәтижелерін ұлттық және халықаралық дәреже мойындауға жағымды әсер еткенін мойындады.

•Тәуелсіз аккредиттеу жаңа қарым-қатынастың орталығы, түрлі стейкхолдерлерге қажет әрі қызықты бәсеке құралы болып келеді деп есептейді.

• ЖОО-на өзін-өзі бағалау бойынша есептеме қолдану және пайдалануды тұрақты негіздегі ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі аясында қызметті жақсарту құралы ретінде жандандыру қажет деп есептейді.

• ЖОО-ға ESG 2015 негізіндегі мәдениет сапасын дамыту жұмыстарын белсендіруді ұсынады.

• АРТА стандарттарында еуропалық білім беру кеңістігінде ұлттық жоғары білім беру жүйесі контекстінде жаңа талатарға сай ESG 2015 сапаны қамтамасыз ету, тәуелсіздік, ақпараттылық және қолжетімділік ұсыныстарымен ұқсастық тапқанын мойындайды.

• Ұлттық аккрдиттеу мекемелеріне ұсынады:

1) Академиялық эксперттердің, соның ішінде шетелдік, студенттердің және жұмыс берушілердің біліктілігін жоғарылату жұмыстарын жалғастыру;

2) сапа мәдениетін және үздік тәдірибені таратуды және қоғамды ақпараттандыруды жалғастыру;

3) сапаны қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерді жалғастыру;

4) Білім беру апасы кепілдігі бойынша агенттіктердің Еуропалық тізілімі (EQAR) сайтына сілтеме орналастыру;

5) Бірлестірілген оқу бағдарламаларын аккредиттеу әдістемесін жасауда еуропалық тәсілді пайдалану.

6) ESG және әлем тәжірибесін негізінде e-learning бағдарламасын аккредиттеу стандартын жасау.

•Қазақстандық және шетелдік эксперттердің арасында тәуелсіз аккредиттеудің даму бағытынн және мәселелерін талдау үшін, эксперттер анализ және бағалаудың тәжірибелік дағдысын дамыту үшун тренингтер өткізу үшін интернет технологияларын пайдаланып диалогтық алаңның жасау маңыздылығын атап өтті.

7 қазан күні АРТА эксперттерінің біліктілігін жоғарылату аясында шетелдік дәріс оқушылар қатысқан оқыту семинары, сонымен қатар эксперттікке кандидаттар үшін семинар-тренинг өтті.

 

Презентации участников конференции: 

1. Жумагулова А.Б., "Глобальные вызовы и будущее независимой аккредитации в Казахстане"

2. Melinda Szabo, "Challenges and QA developments in the EHEA. Where does EQAR stand?"

3. Melinda Szabo, "EQAR Registration of QA agencies & ESG compliance with Part 2 and 3"

4. Prof. Radu-Mircea DAMIAN, "Globalization and Diversification of Quality Assurance"

5. Prof. Radu-Mircea DAMIAN, "Problems of formation of the professional community on external quality assessment"

6. Ефимова Е.М., "Современные инструменты оценки качества высшего образования в Российской Федерации"

7. Dr. Birger Hendriks, "Внешняя оценка качества в Европе: стандарты и передовая практика (опыт германского аккредитационного агентства)"

8. Сейдахметова Р.Г., "ВЫЗОВЫ И БУДУЩЕЕ НЕЗАВИСИМОЙ АККРЕДИТАЦИИ В КАЗАХСТАНЕ"

9. Dr. Stefan Handke, "All the Glitter is not Gold: Internal Quality Assurance at Higher Education Institutions"

10. Мухтарова И.А., "Количественный анализ рекомендаций внешних экспертных комиссий НААР в рамках институциональной аккредитации вузов (2012-2015)"

11. Канапьянов Т.Е., "НААР в международном формате"

12. Соболева Э.Ю., "Диверсификация подтверждения качества профессионального образования: опыт АККОРК"

13. Погребицкая М.В., "Становление и развитие экспертного сообщества. Формирование компетенций эксперта."

14. Аймурзиева А.У., "Стандарты медицинского образования НААР в контексте международных стандартов качества"

15. Гасимов Р.Г., "Эксперты новой формации для внешней оценки организаций ТиПО"

 

 

АРТА Конференциясының Қарарлары, 2016 жылғы 6-7 қазан

 

АРТА Конференциясының фотографиялары мына сілтеме бойынша қол жетімді сілтеме.