«Ресей медициналық лигасы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы

«Ресей медициналық Лигасы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы 2010 жылы құрылған. Лига медицина саласындағы білім беру қызметіне сараптама жүргізу үшін Ресбілрқадағалауынан (Рособрнадзор) аккредиттелген сарапшы ұйым болып табылады.

Ресей медициналық Лигасы сараптама нәтижесінде алынған ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, РФ Медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларының сапасын тәуелсіз бағалау және білім беру бағдарламаларын кәсіби-қоғамдық аккредитациялау рәсімін өткізеді.

«Ресей Медициналық Лигасының» миссиясы – ғылыми және білім беру платформалары мен инновациялардың жаһандық жарысындағы Ресейдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, медициналық қауымдастықты дамытуға, шоғырландыруға, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге; азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыру саласында Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары мен ел өңірлерінің инновациялық білім беру технологияларын, бағдарламаларын, дидактикалық құралдары мен озық тәжірибесін дамыту, жинақтау және таратуға қызмет ету.

 

АРТА/IAAR және Ресей медициналық лигасы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

- медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында ашықтық (ашықтық) және объективтілік деңгейін арттыру,

- медициналық білім беру ұйымдарын тәуелсіз бағалау рәсімдері мен тетіктері саласында тәжірибе алмасу;

- сарапшылар алмасу жолымен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу және т. б.

 

Мәдениет және өнер саласындағы білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау және аккредиттеу институты

Мәдениет және өнер саласындағы білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау және аккредиттеу институты - бұл мәдениет және өнер саласындағы білім беру жүйесінде зияткерлік қызмет нәтижелерін практикалық қолдануға (енгізуге) көмектесу мақсатында құрылған сараптамалық ұйым.

Институт қызметі:

- мәдениет және өнер саласында білім беруді жетілдіруге және дамытуға жәрдемдесу, барлық деңгейдегі білім беру сапасын бағалауға қатысу;

- мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеу сараптамасы/кәсіби-қоғамдық аккредиттеу нормалары мен ережелерін әзірлеуге қатысу;

-мәдениет және өнер және т. б. саласындағы аккредиттеу сараптамасы/кәсіби-қоғамдық аккредитациясы үшін сарапшылар тобын дайындау және қалыптастыру.

 

2019 жылдың 8 қазанында Мәскеуде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) мен Мәдениет және өнер саласындағы білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау және аккредиттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мақсаты - білім сапасын қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастық орнату, бәсекеге қабілетті білікті сарапшыларды дайындау, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру, білім беру саласында тәжірибе алмасу.

 

«Ресей Жастар Одағы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы

«Ресей Жастар Одағы» (РЖО) жалпыресейлік қоғамдық ұйымы 1990 жылдың 31 мамырында құрылған және Ресей Федерациясының көптеген субъектілеріне жүздеген мың жастарды біріктіріп, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес жастар ұйымы болып табылады.

РЖО басты мақсаты – жас адамның жан-жақты дамуына жәрдемдесу, қоғамдық өмірдің барлық салаларында оның әлеуетін іске асыру, жастардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуі.

Ресей жастар одағының негізгі қызметі:

- ұйымның ашықтығы

- алқалылық және жауапкершілік

- сабақтастық және даму

- белсенділік және қатысу.

 

АРТА/IAAR және РЖО арасындағы ынтымақтастық – білім беру сапасын қамтамасыз ету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, дайындау және алмасу саласындағы өзара іс-қимылға – студенттер қозғалысы өкілдеріне  бағытталған.

Андалуздық білім агенттігі, Бағалау және аккредиттеу департаменті (AAC-DEVA, Испания)

Бағалау және аккредиттеу департаменті (DEVA) Андалуздық білім агенттігінің (AAC) тәуелсіз бөлімі болып табылады. Ол 2011 жылы құрылды.

AAC-DEVA мақсаты Андалусиядағы жоғарғы оқу орындарын және университеттерін бағалау, аккредиттеу және сертификаттау. Оған сапаны институционалды бағалау саласы, оқытушыларды аккредиттеу және зерттеуді бағалау жатады.

Миссия

Андалуздық жоғарғы білім және зерттеу жүйесіне жоғарғы білімді және зерттеуді бағалау және аккредиттеу (SAUI), даму және инновация (RDI)  бойынша, Еуропалық жоғарғы білім кеңістігі аясындағы университетттік білім және  зерттеуге белгіленген әлеуметтік талаптар мен сапа стандарттарына бейімдей отырып, қызметтің барлық түрін көрсету.

Көрініс

Университтеттердің сапасын бағалау аясында бағалау, сертификаттау және аккредиттеу бойынша ұлттық және халықаралық дәрежедегі институт болуға бағытталған.

Құндылықтары

DEVA барлық қызметі айқындық, дұрыстық, тәуелсіздік, теңдік және әділдік, құпиялылық, мемлекеттік қызмет және әлеуметтік міндеттеме, заңдылық, координация және серіктестік, тиімділік, экологиялық бұлжымастық, қауіпсіздік және еңбекті қорғау принциптеріне негізделген.

(Толығырақ ақпарат үшін: http://deva.aac.es)

AAC-DEVA меморандум

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA, Босния және Герцеговина)

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA, Босния және Герцеговина) 2008 жылы құрылды.

HEA миссиясы:

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA) өз қызметін Босния және Герцеговина территориясында жоғары білім беру саласындағы талаптар мен рекомендациялар саласында, соның ішінде жаңа және жұмыс жасап тұрған ЖОО мекемелерінде, сонымен қатар сыртқы сапа кепілдігі үрдістерін жетекшілік ету мәселелерінде іске асырады.

HEA министрліктермен, ЖОО-мен, академиялық қоғамдастықтармен және студенттермен заң талаптарына сәйкес қызмет жасайды. Босния және Герцеговинаның жоғары білім беру саласындағы үздік тәжірибесі мен салтын сақтай отырып, агенттік мемлекеттің ЖОО-ның сапа мәдинетін қолдау және жетілдіру, ЖОО ережелері мен стандарттарын жасау мәселелерінде басты рөлді ойнайды.

Өз міндеттірін орындау барысында агенттік заңдылық, жайыралылық, тиімділік, нәтижелілік, кәсібилік принциптерін ұстанады.

HEA өз қызметі барысында Босния және Герцеговинадағы білім беруді басқару ұлттық мекемелерімен, академиялық қоғамдастықтармен, мемлекеттің жоғары білім беруімен қызығатын халықаралық ұйымдармен серіктеседі.

Жоғары білім беруді дамыту және сапа кепілдігі бойынша агенттік (HEA) Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісінің (INQAAHE) 2009 жылдың желтоқсанынан бастап толық мүшесі болып табылады.2010 жылдың ақпанында агенттік Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастықтың (ENQA) қауымдастырылған мүшесі және 2010 жылдың мамырында Орталық және Шығыс еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктер Желісінің (CEENQA) толық мүшесі болды.

В феврале 2010 года агентство стало ассоциированным членом Европейской ассоциации гарантии качества (ENQA) и мае 2010 HEA стало полноправным членом Сети агентств гарантии качества высшего образования Центральной и Восточной Европы (CEENQA). (Толығырақ ақпарат үшін: www.hea.gov.ba)

HEA-мен меморандум

Академиялық Ақпарат Орталығы (AIC, г. Рига, Латвия)

Академиялық Ақпарат Орталығы Латвияның білім Министрлігі мен Латвия университетінің Информатика және есептеу техникасы Институты құрған коммерциялық емес мекеме.

AIC негізгі екі ұлттық және халықаралық қызметті атқарады:

AIC Еуропалық ақпараттық орталықтың академиялық мәселелері бойынша, ENIC желісі (Еуропа Кеңесі /ЮНЕСКО) және ұлттық ақпараттық орталық (NARIC Network) сияқты орталықтардың Еуропалық Одақтың мойындауымен мүшесі болып табылады.

· AIC Латвия Ұлттық обсерваторияға Еуропалық Білім Қорының «Ұлттық Обсерваторялар» желісіне қызмет етеді. «Ұлттық Обсерваторялар» Еуропалық Кеңес институттарына және білім саласындағы саясаткерлерге ақпарат беру үшін кәсіби білім берудің ұлттық жүйесін және еңбек нарығын зерттеуге бағытталған.

Жоғары оқу орындары туралы Заңның толықтыруларына (LatvijasVēstnesis 257 (5137)) және министрлер кабинетінің ережелерінің күшіне енуіне № 407, 408 и 409 (14.07.2015) сәйкес Академиялық Ақпарат Орталығы (AIC) жоғары білім беру сапасы Агенттігін (QAHE) құрды .

QAHE қызметі келессі құндылықтарға негізделген:

· әділдік;

· айқындық;

· бейтараптылық;

· анықтық.

Миссия

Латвиялық жоғары білім беру сапасын халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатынада білім беру сапасын жоғарылаты.

Мақсаттары

Латвиялық жоғары білім беруге жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде (ESG) сапаны қамтамасыз ету бойынша Стандарттар мен ұсыныстарға сәйкес сыртқы сапаны қамтамасыз ету жүйесін енгізу, сонымен қатар ЖОО және оқу бағдарламаларының сапанын қамтамасыз етудің ішкі жүйеслерін жақсартуға үлес қосу.

(Толығырақ ақпарат үшін: www.aic.lv)

Академиялық Ақпарат Орталығымен Меморандум

ФМБМ "Главэкспертцентр"

«Главэкспертцентр» ENIC/NARIC желісінде шетел мемлекетінде алынған білім және біліктілікті, ғылыми дәрежені мойындаудың ақпараттық қамтамасыз етуі бойынша Ресей Федерациясының ұлттық ақпараттық орталығы болып табылады.

ФМБМ "Главэкспертцентр" Федералдық қызметтің өкілеттігін білім және ғылым саласындағы Ресей Федерациясында шетелде алынған білім мен біліктілікті, ғылыми дәрежені мойындауды бақылау бойынша қамтамасыз етеді. (Толыңырақ ақпарат үшін: http://nic.gov.ru/ )

Главэкспертцентрмен меморандум

 

Русский Регистр

Сертификаттау бойынша қауымдастық "Русский Регистр"- ірі халықаралық мойындалған ресейлік сертификаттау және эксперттік мекеме. Оның тәуелсіздігі мен әділдігі, сонымен қатар қызметкерлерінің біліктілігі көптеген ұлттық және шетелдік аккредиттеулермен және 15 жылдық тәжірибемен расталған.

Русский Регистр клиенттерінесертификация, түрлі аспектілердің бағалауға сәйкестігі бойынша комплексті қызмет алуға мүмкіндік береді.

Сертификаттау және эксперт қызметін іске асыру үшін Русский Регистр базасында менеджмент жүйесін сертификаттау бойынша орган, өнімд сертификаттау бойынша орган, қызметкерлерді сертификаттау бойынша орган, білім сапасын бағалау бойынша агенттік жұмыс жасайды.

МИССИЯ:

Русский Регистр өзінің серіктестеріне сертификаттау және эксперт қызметтерінің кең спектрын, тиімді келісімшарттық жағдайды және халықаралық мойындалған қызмет көрсетуді ұсынады.

Русский Регистр мамандарының біліктілігі клиенттердің қызметінің осал және мықты тұстарын бағалауға ғана емес, сонымен қатар олардың Ресей және басқа мемлекет нарығында жетістікке жетуіне әсер етуі керек. Ол үшін Русский Регистр ұлттық және халықаралық талаптарға сай менеджмент жүйесін, қызметкерлерді және өнімді сертификаттау бойынша Орган, инспекция Органы және кәсіби білім беру сапасын бағалау бойынша Агенттік ретінде шығады.

Толығырақ ақпарат үшін: www.rusregister.ru

 Русский Регистрмен меморандум

 

Білім сапасын және мансаптың дамуын бақылау Агенттігі (АККОРК)

АККОРК – бұл Ресейдегі жоғары білім беру саласын тәуелсіз аккредиттеу мен бағалау бойынша бірінші агенттік. Құрылған 2005 жылдан бастап АККОРК жоғары білім берудің Ресейлік кеңістігінде тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесінің қалыптасу қызметін атқарады. Бұл периодта Агенттік ұдайы бағалау үрдістерін жүргізетін, көптген ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектескен білім қоғамдастықтарының мойындауына ие болды. Оқу орындарының барлық динамикалық сипаттамаларын үнемі бақылау олардың сапасының жақсаруына әкеліп соқты. Агенттіктің жұмысының нәтижесі ресейлік ЖОО-дың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттіне қызығушылық танытқан түрлі топтардың сенімділігі болып табылады.

Миссиясы:

Ресейде Болон декларациясы принциптеріне және үздік әлем тәжірибесіне сай білім беру сапасына кепілдік беру және сапасын бағалау тәуелсіз жүйесінің дамуыту және қалыптастыру (Толығырақ ақпарат үшін: www.akkork.ru)

 

 

Тұрақты инновациялық технология институты, Любляна Университеті (ISIT)

ISIT 2008 жылдың соңында «Экономикалық қызығушылықтар бойынша Еуропалық топ» (EEIG) формасындағы коммерциялық емес мекеме ретінде жұмысын бастады. Бұл білім мен қабілеттің, жабдық пен адами потенциалдың интеграциясына бағытталған тоб формалы жаңа мекеме. Сонымен қатар, ISIT қызметі жаңа базалық білімге негізделген «спин-офф компанияларын құруға негізделген.

Миссиясы:

Негізгі мақсат қоғамның дамуы мен көркейуіне үлес қосу үшін экономиканың барлық секторының мекемелері үшін бәсекеге қабілеттілік потенциалын және стратегиялық мүмкіндіктерін жоғарылатуға бағытталған өндіріс ортасындағы алдыңғы қатарлы технологияны басқару болып табылады.

Толығырақ ақпарат үшін: www.isit.si

 

 

Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты (ACQUIN)

ACQUIN – 2001 жылы құрылған және сол жылы аккредиттеу юойынша Германиялық кеңеспен, кейінірек 2006 және 2011 жылдары реаккредиттелген неміс аккредиттеу агенттігі. Қазіргі таңда Германияның, Австрияның, Швейцарияның, Венгрияның және басқа да мемлекеттердің 100-ден аса оқу орындары агенттіктің мүшлері болып келеді. ACQUIN негізгі сипаттамалары – тәуелсіздік, әділдік және жоғары сапа. ACQUIN ЖОО-ның ұйымдасулық жарнасы және аккредиттеу өткізумен өз қызметін қаржыландыратын коммерциялық емес мекеме.

Миссиясы:

ЖОО-да білім беру және алу сапасы стандарттарын жоғарылату, ЖОО-ның барлық типін, бағдарламалары мен пәндерін аккредиттеу, сонымен қатар неміс жоғары білім беруін интернационалдандыру.

Толығырақ ақпарат үшін: www.acquin.org

 

Білім беру саласындағы ұлттық аккредиттеу агенттігі (ФБГУ «Росаккредагентство»)

Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме «Білім беру саласындағы ұлттық аккредиттеу агенттігі» (ФБГУ «Росаккредагентство») білім және ғылым саласын бақылау бойынша Федералдық қызметінің (Рособрнадзор) ведомстволық бағынышты мекемесі болып табылады. ФМБМ «Росаккредагентство» табысталған құзыретті іске асыру аясында білім беру мекемелерінің қызметін мемлекеттік аккредиттеу бойынша қабылданатын шешімнің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім және ғылым саласын бақылау бойынша Федералдық қызмет бекіткен Мемлекеттік тапсырмаға сәйкес қызмет етеді.

Миссиясы:

Білім беру сапасы кепілдігі және басқару жүйесінің халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес менеджмент жүйесіне негізделітін ФГБУ «Росаккредагентство» қызметі білім берудің сыртқы кепілдігін қамтамасмыз етуге және ресейлік білім мекемелерінінде білім алу нәтижелерін ұлттық және халықаралық дәрежеде мойындауға әсер етуге бағытталған.

Толығырақ ақпарат үшін: www.nica.ru

 

Бизнес- әкімшіліктендіру саласында халықаралық аккредиттеу қоры

FIBAA – 1994 жылы Германия, Швейцария және Австрияның сауда-өндірістік палаталарына негізделіп құрылған жоғары білім беру сапасын аккредиттеу және экспертизалау бойынша халықаралық агенттік. FIBAA бас кеңсесі Бонн қаласы, Германияда орналасқан.

FIBAA экономика, менеджмент, заң және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындарының және оқу бағдарламаларының сапасынының бағалауын жүргізеді.

FIBAA қызметі білім беру мекемелері мен бағдарламаларын экспертизалау мен сапа белгісін беру арқылы білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған. FIBAA мақсаты еңбек нарығы, студенттер, бизнес және ЖОО үшін білім беруді айқын қылу.

Толығырақ ақпарат үшін: www.fibaa.org

FIBAA-мен меморандум

 

Инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы білім бағдарламаларын аккредиттеу бойынша агенттік

ASIIN e.V. – Герман Республикасының Федеративті заңына сәйкес тіркелген, инженерия, сәулет, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласында ұлттық және халықаралық бакалаврлық және магистрлік білім бағдарламаларын (ОП) аккредиттейтін тәуелсіз агенттік Агенттік бұл мақсатта бағалауға рәсім мен талап орнатады.

ASIIN аккредиттік қызметінің негізгі ережелері - оқу және оқытулық жұмысының жоғары стандарттарын және кәсіби дайындық эквиваленттілігін қамтамасыз ету.

ASIIN аккредиттеу тапсырмасы - ОП аясында алынған біліктіліктің еуропалық нормалар талаптары біліктілігіне сәйкестік мәселесі. Одан басқа, ASIIN аккредиттеген оқу бағдарламадарының халықаралық мойындауға ие болуы маңызды.

Толығырақ ақпарат үшін: www.asiin-ev.de

ASIIN-мен меморандум

 

Национальный центр общественно-профессиональной аккредитации

Қоғамдық-кәсіби аккредиттеудің ұлттық орталығы (Нацаккредцентр) 2009 жылы құрылған және кәсіби білім беру саласындағы эксперттер Гильдиясымен және басқа да заңдық тұлғалармен білім саласындағы мекемелерді аккредиттеу мақсатында құрылған автономды коммерциялық емес мекеме.

Миссиясы білім сапасын арттыру, білім мекемелерінде сапа мәдениетін қалыптастыру және ресейлік білім имиджін Ресейде және шетелде оқу бағларламаларын еуропалық білім сапасының кепілдігі стандарттарына сәйкес кәсіби-қоғамдық аккредитеу арқылы жоғарылату.

Толығырақ ақпарат үшін: www.ncpa.ru

NCPA-мен меморандум

Совет по Аккредитации Бизнес Школ и Программ

Бизнес Мектептерді және Бағдарламаларды Аккредиттеу бойынша Кеңес (ACBSP) – білім берудің сапасын дамытуға бағытталған бизнес-білімді аккредиттеу бойынша үздік мамандандырылған кеңес. Кеңес білім сапасына үлкен көңіл бөледі және студенттер білім алуды үйрену қажеттілігін ескереді. ACBSP ғылыми зерттеулерді жүргізу маңыздылығын және оның білім беру сапасын жақсартатынын мойындайды. Оқу орындарына білім беру мен ғылыми жоба балансын сақтау ұсынылады. Одан басқа, ACBSP оқытушылар құрамының аудиториялық білім беру сапасын жоғарылатуға әсер етеу мақсатында бизнес-қызметпен айналысуын қолдайды.

Миссиясы:

ACBSP бизнес-білімді үздіксіз жақсартуға әсер ететін үздік тәжірибелерді мойындайды және бизнес саласында мамандарды дайындау бағдарламаларын аккредиттейді.

Толығырақ ақпарат үшін:www.acbsp.org

ASBCP-мен меморандум