АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (бұдан әрі - АРТА) және Ауылшаруашылық университеті 2017 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында «Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Орталық Азиялық форум» өткізеді және Сізді форумға шақырады. Форумда Қазақстандағы жоғары білімнің және әлемдік стандарттарды ескере отырып, ЖОО қызметінің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өзекті мәселелерін қарау жоспарланады.

Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдары, қазақстандық және шетелдік ЖОО, жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшылар, жұмыс берушілер және студенттер қатысады.

Форумның негізгі мақсаты білім беру бағдарламаларын стратегиялық жоспарлау, жобалау және мониторингілеу, академиялық ұтқырлық саласындағы үздік практиканы таратуға, ЖОО арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сыртқы бағалау жөніндегі кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруға ықпал ететін білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық диалогтық платформа құру болып табылады.

Форум жұмысының бағыттары:

  1. Халықаралық стандарттарға сәйкес білім сапасын қамтамасыз етудің өзекті проблемалары.
  2. ЖОО-ның даму стратегиясын әзірлеудің, іске асырудың және мониторингілеудің тұжырымдамалық және нормативтік мәселелері.
  3. Орталық Азия елдерінде академиялық ұтқырлықты дамыту.
  4. Академиялық еркіндікті кеңейту жағдайларында ұсынылатын қызметтердің сапасы үшін ЖОО-ның жауапкершілігін арттыру.

Форумның тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Форум жұмысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар қатысу туралы сертификат алады.

Жол жүру және тұру үшін төлемдер қатысушының немесе жіберуші тараптың есебінен жүргізіледі.

Форумның жұмысына қатысу үшін өтінім нысанын толтыру (1-қосымша) және 2017 жылғы 8 қарашаға дейін мына электрондық мекен жайға жолдау қажет: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Форумның өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Ауыл шаруашылық Университеті, Жандосов көшесі, 55 (бас корпус).

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз +7(7172) 76 85 59 немесе e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бағдарламаны жүктеу

Форумның фотосуреттері келесі сілтеме бойынша қол жетімді.

Презентация Ewa Wietsma

Жүктеу

Презентация Hendrik M M

Жүктеу

Презентация Sousana Michailidis

Жүктеу

Презентация Yusuf Z E

Жүктеу

Презентация Бегалиев У Т

Жүктеу

Презентация Грудзинский А О

Жүктеу

Презентация Cаханова А Н

Жүктеу

Презентация Джураев А Х

Жүктеу

Презентация Жумагулова А Б

Жүктеу

Презентация Ибрашева А Х

Жүктеу

Презентация Цзин В М

Жүктеу

Презентация Рыбиньски К

Жүктеу