Әдіснама ( АРТА-2017-Рейтинг)

Рейтинг бойынша қызметтердің сипаттамасы

ЖОО ректорларына  

 

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (бұдан әрі – АРТА) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында 2017 жылғы 27 қаңтарда (бас корпус, №208 каб.) рейтинг үшін жауапты проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін тегін семинар өткізді. Семинарды АРТА ғылыми консультанты Сейдахметова Римма Ғаниқызы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, АРТА сарапшылар кеңесінің мүшесі Шункеев Қуанышбек Шункеұлы, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі жобаның жетекшісі Гасимов Ринат Гаптулханович өткізді.

Семинардың бағдарламасына мыналар енгізілді:

• жоғары білімнің сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі;

• бағыттар мен мамандарды даярлау деңгейлері бойынша ҚР ЖОО саралау әдіснамасы;

• ҚР ЖОО саралау әдіснамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша АРТА сарапшыларының параметрлері мен ұсыныстарын талқылау;

• ҚР ЖОО саралау бағдарламасын электрондық толтыру бойынша консультациялар және тренинг;

• компьютерлік саралауды көрсету.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға АРТА сертификаттары тапсырылды.

 

Рейтинг жөніндегі семинардың бағдарламасы

Рейтинг жөніндегі семинардың презентациялары (27.01.2017 ж.) (27.01.2017 г.)

ҚО ЖОО рейтингі Сейдахметова Р.Ғ.

ҚР ЖОО бағдарламалық және институционалдық саралау технологиясы Шункеев Қ.Ш.