1)Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастық (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA)

 

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастық (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA) 2000 жылы жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық желі ретінде еуропа елдерінің аталған сферада бірлестігін дамыту үшін құрылған. Аталған мекемені құруға жоғары білім берудегі сапаны бағалау бойынша еуропалық пилоттық жоба (1994-1995 гг.) кезіндегі сапаны қамтамасыз ету саласындағы тәжірибемен алмасу маңыздылығы түрткі болды.Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету саласындағы еуропалық серіктестік идеясы Еуропалық кеңесте қолдау тауып, 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Еуропалық кеңес Ұсынымына, Болон декларациясына (1999 ж) әсер етті. 2004 жылғы қарашада желінің Бас Ассамблеясында мекеменің атауын Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастық деп өзгерту туралы шешім қабылдады. ENQA құрылған кезден бастап оның қызметін Еуропалық комиссия қаржыландырып келеді.

ENQA миссиясы

Қауымдастық еуропалық бірлестікке жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету саласында жәрдемдесу үшін құрылған.

ENQA міндеті

•ақпарат және тәжірибе алмасуды, әсіресе әдістемелік зерттеу саласында, дамыту және қолдау;

•  сапаны қамтамасыз ету саласында стандарттарды жасайтын және бекітетін саясаттық форум ретінде қызмет істеу;

• еуропалық елдердің білім министрліктерінің, мемлекеттік биліктің ұлттық және жергілікті органдарының және Болон үрдісінің аясында жұмыс істейтін басқа да инцтанциялардың сауалдары бойынша экспертиза жүргізу және кеңес беру;

• трансұлттық еуропалық жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету рәсімдрінің дамуына үлес қосу;

• сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйелері мен аккредиттеу агенттіктерінің дамуына үлес қосу;

•сапаны қамтамасыз ету жүйесі мен аккредиттеу агенттіктерінің эксперттік зерттеулерін ұйымдастыру;

•басқа еуропалық мекемелермен және қызығушылық танытқандармен қарым-қатынас жасау және оны дамыту;

• Жоғарғы білім берудің еуропалық кеңістігін жасауға үлес қосу;

•  басқа желілермен және аймақтармен диалог жүргізу.

ENQA-ға мүшелік

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастық ENQA Болон декларациясына қол қойған елдердің сапаны қамтамасыз ету агенттіктерімен серіктес болуға дайын. ENQA мүшелігінің екі типі бар: толық және кандидат мәртебесіндегі мүшелік. Одан бөлек, Қауымдастық сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне қауымдастырылған немесе үлестес мәртебе бере алады.

Қазіргі таңда ENQA-ның толыққанды мүшесілікке 22 елден 49 агенттік, ал қауымдастырылған мәртебеге 25 елден 53 ұйымдастық ие.

АРТА ENQA-ның толыққанды мүшесі болып табылады. Көрсетілген бетте ENQA толық мүшлерінің тізімі келтірілген: http://www.enqa.eu/

ENQA растау құжаты

 

2)Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азиялық-Тынық мұхиттық желі (The Asia-Pacific Quality Network, APQN)

Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхиттық желі (The Asia-Pacific Quality Network, APQN) 2003 жылы жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің әлем халықының жартысынан көбі орналасқан аймаққа қажеттілігінен құрылды. APQN жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Халықаралық желісінің (INQAAHE) жергілікті желісі ретінде қызмет жасайды. APQN желісі Дүниежүзілік банк пен ЮНЕСКО қолдауымен құрылды.

APQN миссиясы

 Сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің қызметін дамыту және өзара серіктестіктерін кеңейту арқылы Азия- Тынық мұхиттық аймақтағы жоғары білім сапасын жақсарту.

APQN міндеті

• Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы жоғары білім сапасын қолдау және жақсарту үшін жақсы тәжірибенің таралуына үлес қосу;

• аймақтағы жоғары білім беру сапасын жақсарту мақсатында жоғары білім беру сапасын басқару саласындағы зерттеулерді дамыту;

•аймақтағы жаңа агенттіктеріне ақпарат беру және көмек көрсету білім берудегі сапаны қамтамасыз ету;

• білім берудің сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің арасындағы серіктестікке, сонымен қатар шешімдер мен бағалауды өзара мойындауға жағдай жасау;

• ұлттық жүйе аясында мекеме қызметінің стандарттарын анықтауға APQN мүшелеріне көмек көрсету;

• аймақтағы біліктілікті халықаралық мойындауға көмектесу;

• несиелік трансферт сызбаларын дамыту және пайдалануға көмектесу, ұлттық шекара ішінде және сыртында студенттердің мобильділігіне жағдай жасау;

• APQN мүшелеріне күдікті аккредиттеу мекемелері туралы ақпарат беру;

• аймақты ұсыну және оның қызығушылықтарына жағдай жасау, мысалы басқа желі және халықаралық мекеме қатынасында.

APQN ға мүшелік

Мүшелік туралы өлшемге сәйкес APQN желісі құрамына кіретін агенттіктерге мүшеліктің төрт типі тағайындалуы мүмкін: толық және аралық мүшелік, қауымдастырылған және институционалдық мүшелік. Одан басқа, APQN мүшелігінде Азия-Тынық мұхттық аймақтан тыс орналасқан мемлекеттердің мекемелері үшін «бақылаушы» мәртебесі бар. Тек толық және аралық мүшелер қауымдастықтық басқару органдары жұмысына қатыса алады. Қауымдастырылған және институционалдық мүшелер жылдық жалпы жиналыстарға, Бас Кеңестің басқа отырыстарына қатыса алады, бірақ оларда дауыс беру құқығы жоқ. 
Қазіргі таңда APQN желісі құрамына 149 ұйымдастық кіреді: 34 толық мүше, 19 аралық мәртебелі агенттік, 10 қауымдастырылған мүше және институционалдық мәртебелі 86 ұйымдастық. Төрт ұйымдастық бақылаушы болып табылады (Ұлыбритания, Германия, Кувейт, Таиланд).

APQN желісінің толық мүшелерінің мекеме атауы, мемлекеті, мүшелік типі, интернет-сайты және басқа да байланыстық ақпараттармен бірге APQN желісі сайтында орналасқан: http://www.apqn.org/membership/

APQN растау құжаты

 


3) 3) Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE)

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) 1991 жылы құрылған және қазіргі таңда 270 мүшеліктен тұрады. INQAAHE желісі әлем бойынша жоғары білім беруді бағалау саласындағы теория мен практика сұрақтарымен айналысатын алғашқы, ең ірі және мойындалған ұйымдастық болып табылады.

INQAAHE миссиясы

Сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне ақпарат және тәжірибе алмасуда көмектесу;мамандықтың теориялық және практикалық негізін дамыту; сапаны қамтамасыз етудегі кәсіби тәжірибе стандарттарын жетілдіру; INQAAHE мүшелігіндегі агенттіктердің қызметінің, соның ішінде ЖОО, студенттер және қоғам қызығушылығындағы кәсіби дамуды және потенциалды өсіруді тұрақты жақсаруына жәрдемдесу.

 

INQAAHE міндеттері

• теория және практиканы бағалау саласының ағымдағы жағдайын және жаңа бастамалары туралы ақпарат жинау және тарату,жоғары білім беру саласын сапанын қолдау және жетілдіру;

• жоғары білім саласының сапасын қолдайтын және жетілдіретін тиімді жұмыс тәсілдерін таратуға жағдай жасау;

• жоғары білім сапасы менеджменті жүйесіндегі ғылыми зерттеулерді дамыту;

• қайта ашылған аккредиттеу агенттіктерінің дамуын қолдау үшін экспертиза жасау мен кеңес беруге жағдай жасау; аккредиттеу агенттіктері арасында, әсіресе ұлттық шекара сыртында орналасқан, байланыс орнатуға көмектесу;

•желі мүшелеріне ұлттық шекара сыртында орналасқан ЖОО қызметі стандарттарын анықтауда қолдау көрсету;

• халықаралық біліктілікті мойындау сұрақтарында кеңейтілген ақпараттандыруға әсер тигізу;

• студенттердің мемлекет ішіндегі және шетелдегі мобильділігін арттыру үшін несиелік бірліктерді есептеу сызбасын пайдалануға және дамытуға көмектесу;

• күмән тудыратын аккредиттеу ұйымдары туралы желі мүшелерін ескерту.

INQAAHE мүшелік

INQAAHE желісінде мүшелік үш түрлі болуы мүмкін: толық, қауымдастырылған және үлестес.

Толық мүшелікке ЖОО немесе білім бағдарламасы сапасы бағаларына жауапты ұйымдар кіреді (аккредиттеу агенттіктеру; бағалау жүргізетін агенттіктер, аккредиттеу агенттіктерінің қызметін мойындаумен айналысатын органдар). Қауымдастырылған мүшелер – жоғары білім берудегі сапаны бағалау, аккредиттеу және қамтамасыз етуге үлкен қызығушылық танытатын, бірақ оған қатыспайтын ұйымдар. Үлестес ұйымдар – жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласын бағалау және аккредиттеу мәселелерімен қызығатын жеке тұлғалар.Барлық мүшелер басқару органдары құрамына сайланып Бас ассамблея жұмысына қатыса алады, бірақ тек толық мүшелер ғана шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие. 

Қазіргі таңда INQAAHE құрамында 280 мүше бар: 178 – толық, 88 – қауымдастырылған және 14 - үлестес.

Желі сайтында INQAAHE мүшелерінің толық тізімі ұйымдастық атауымен, web-сайтпен және басқа да мәліметпен қатар келітірлген http://www.inqaahe.org/members/

INQAAHE растау құжаты



4) Академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерватория (IREG)

 

Академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерватория (IREG) ЮНЕСКО-ның Еуропалық жоғарғы білім беру орталығы (UNESCO-CEPES) мен академиялық саралау сапасын зерттейтін саралау бойынша эксперттердің халықаралық тобының бірлескен ықыласы ретінде құрылды.IREG 2009 жылы аталған халықаралыө эксперттер тобы ұсынысы негізінде құралды.

 

 

 

 IREG миссиясы

Улучшение качества международного и национального ранжирования высших учебных заведений.

IREG мақсаты

•    Стандарттарды және тәжірибені жоғарғы оқу орындарын саралаудың Берлин принципртеріне сәйкес жетілдіру; 

•    Саралаудың жоғары білім алуға және түлектердің еңбекке тартылуына әсер етуін анализдеу;

•    Саралаудың жоғары оқу орындары қызметіне әсер етуін зерттеу;

•   қоғам санасын және академиялық жұмысты түсінуін дамыту;

IREG мүшелік 

Қазіргі таңда IREG мүшелікке 40 астам ұйым, Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, Румыния, АҚШ, Тайвань, Франция және т.б. өкілдері кіреді.

REG мүшелерінің толық тізімін және ол жайлы толығырақ ақпарат IREG сайтында сайте IREG

IREG растау құжаты

 

 

5) АҚШ жоғары білім беруіді аккредиттеу бойынша Халықаралық сапа тобы Кеңесі (CIQG)

Халықаралық сапа тобы 2012 жылы CHEA құрылды. Топқа қатысуға әлемнің үздік аккредиттеу агенттіктері шақырылған. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап АРТА Халықаралық сапа тобы Кеңесінің АҚШ-тағы жоғары білім беруді аккредиттеу бойынша мүшесі болып табылады (CHEA).

CHEA – әлемдегі ең ескі аккредиттеу агенттіктерінің бірі болып табылады. 3000 университтер мен колледждермен, сонымен қатар әлем бойынша білім беруді тәуелсіз аккредиттеумен айналысатын үздік 60 ұйымдастықпен серіктеседі.

CHEA сапаны тәуелсіз бағалау және білім берудің сапасын қамтамасыз ету бойынша әлем бойынша және АҚШ-та көшбасшы болып табылады.

Біздің мүшелігіміз туралы толығырақ http://www.cheainternational.org

 

 

CHEA растау құжаты

 

6) Ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері Қауымдастығы (Association of Quality Assurance Agencies of the Islamic World, AQAAIW)

Ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері Қауымдастығы (AQAAIW) 2011 жылдың 4 мамырында білім беру сапасы кепілдігі агенттіктері мен ислам әлемі мемлекеттерінде жоғары білім сапасына жауапты мемлекеттік органдарының қауымдастығы ретінде құрылды.

AQAAIW мақсаты – ислам әлемі мемлекеттеріндегі жоғары білім сапасын жақсарту.

AQAAIW өз алдына келессі тапсырмаларды қояды:

• ислам әлемі мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасы кепілдігі агенттіктерінің потенциалын жоғарылату;

• ислам әлемі мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасы кепілдігі агенттіктерінің өзара білім мен тәжірибе алмасуына, серіктесуіне көмек көрсету;

AQAAIW серіктестіктің екі категориясын ұсынады: толық және қауымдастқан. AQAAIW толық мүшелеріне білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету мемлекеттік агенттіктері немесе ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету мемлекеттік органдары немесе Орындаушы комитет бекіткен басқа да ұйымдар жатады. Ал AQAAIW қауымдасқан мүшелері бағалау, аккредиттеу немесе жоғары білім беру сапасын жоғарылату үрдістеріне белсенді қатысқан Орындаушы комитет бекіткен Ислам әлемі мемлекеттерінің қызығушылық танытқан ұйымдастықтары болуы мүмкін.

Қазіргі таңда AQAAIW құрамында 37 мүше бар: 16 толық, 21 қауымдасқан.

АРТА AQAAIW толық мүшесі болып табылады. Толығырақ http://www.mqa.gov.my/aqaaiw/

AQAAIW растау

 

 7) CEENQA – Орталық және Шығыс еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктер Желісі

Орталық және Шығыс еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктер Желісі 2001 жылы 13 қазанда Краковта (Польша) бір жыл бұрынғы Будапешттегі ( Венгрия) алғашқы кездесуден кейін құрылды. CEENQA 2011 жылы 4 шілдеде Дюссельдорфде (Германия) ресми турде тіркелді.

CEENQA үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдастық.

CEENQA жарғысына сәйкес оның мақсаты: «Орталық және Шығыс Еуропадағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету мен жетілдіру саласындағы мүше ұйымдар арасындағы қызметтік келісім мен серіктестікті дамыту»

CEENQA растау құжаты