АРТА білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі сарапшылардың деректер базасын кеңейтеді.

АРТА сарапшсы:

- Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің өзекті нұсқаларын, Еңбек кодексін, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-IV Заңын, аккредиттеу рәсімін регламенттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді;

 - қызметтік ақпаратпен және дербес деректермен жұмыстың тәсілдері мен әдістерін;

 - аккредиттеудің тиісті түріне сәйкестікті жүргізу жөніндегі Агенттіктің стандарттары мен нұсқауларын;

 - аккредиттеу процесінің барысында білім беру ұйымдары және/немесе білім бағдарламалары мәлімдеген стандарттардың Агенттік стандарттарына, сондай-ақ мемлекеттік талаптарға сәйкестігін бағалауды жүргізу тәсілдерін;

 - таккредиттеу сараптамасы жөніндегі комиссиялар қорытындыларының мазмұнына және ресімделуіне талаптарды, сондай-ақ білім беру ұйымын және/немесе білім бағдарламасын аккредиттеу сараптамасының рәсімін жүзеге асыру барысында дайындалатын құжаттарды меңгерген болуы тиіс.

 

АРТА сарапшысы:

- ақпаратқа талдау жүргізуі, жүйелуі және жинақтай білуі;

- өз есептері мен институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі білім беру ұйымдарының есептерін рецензиялай білуі;

 - сауалнама жүргізуі және оның нәтижелерін өңдеуді жүзеге асыруы;

 - сұрау жүргізу, сұхбат алу және ауызша және жазбаша коммуникацияның басқа әдістері арқылы ақпарат жинауды жүзеге асыруы;

- әр алуан ресурстарды бағалауы;

- компьютерлік техника құралдарын және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, комиссияның қорытындысын және сараптама бойынша басқа да құжаттарды ресімдеуі;

- ССК сапарының нәтижелері туралы есепті ресімдеуі және қалыптастыруы;

-аккредиттеу сараптамасын өткізу процесінде басқа сарапшылармен, аккредиттеу органымен, білім беру ұйымымен өзара іс-қимыл жасауы;

- білім беру ұйымының білім бағларламаларына (оның ішінде оқу жоспарлары, жұмыс оқу бағдарламаларына, пәндер (модульдер)) және білім алушыларды тәрбиелеуді және даярлау сапасы мен рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін басқа да материалдарына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін оқу және өндірістік практика бағдарламаларына, күнтізбелік оқу жоспарларына, әдістемелік материалдарға талдау жүргізуі;

- білім беру ұйымдарының білім алушылары мен түлектерінің мемлекеттік білім стандарттары мен талаптарына сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтауы тиіс.

Сарапшы өз біліктілігінің деңгейін білім саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістерін (оның ішінде мемлекеттік білім беру стандарттары мен талаптарын), аккредиттеу сараптамасын өткізудің нысандары мен әдістерін жетілдіруді, біліктілігін арттыру арқылы, сондай-ақ өзіне өзі білім беру жолымен компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды дамытуды ескере отырып, Агенттік белгілеген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуі тиіс.

Сарапшы Агенттік және/немесе өзге де ұйымдар өткізетін семинарларға, конференцияларға және өзге де іс-шараларға қатысады.

 

Сарапшы болуға ниет білдірген үміткер Агенттіктің сайтындағы өтінімді толтыруы (1-қосымша) және мынадай құжаттарды жолдауы тиіс  (электрондық почтамен expert@iaar.kz):

а) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

б) жоғары кәсіби білім, қосымша білім туралы құжаттардың және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;

в) барлық байланыстарын көрсете отырып, толық түйіндеме (еркін нысанда);

г)шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі IELTS, TOEFL және басқалар (бар болса);

д) құзыретін растайтын өзге құжаттар (мысалы, білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, қауымдастықтардың ұсынымдары және т.б.);

е) толтырылған өтінім.

 

Мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы арыз-міндеттеме

Жүктеу

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сыртқы сарапшылар комиссиясы туралы Ереже

Жүктеу

АРТА сыртқы сарапшысының сарапшылық қызметін реттеу жөніндегі Ереже

Жүктеу

Аккредиттеу жөніндегі сыртқы сарапшының этикалық нормалар КОДЕКСІ

Жүктеу

АРТА сыртқы сарапшыларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі Ереже

Жүктеу

Сарапшымен қызмет көрсету шартының үлгісі

Жүктеу