«Халықаралық жоба» Аккредитеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, халықаралық қызметке жауап береді, сыртқы байланыстарды белгілеу және шет елдік серіктестерімізбен ынтымақтастық орнату және дамыту жөніндегі барлық ұйымдастырушылық іс-шараларды атқарады. 
Халықаралық жобаның қызметі халықаралық шараларға уақытында және жемісті түрде қатысу және білім беру сапасын қамтамасыз ету бөлігінде Агенттіктің қызметін қолдауға, дамытуға бағытталған.


Желілерге мүшелік

Агенттік құрылған сәттен бастап жемісті және белсенді халықаралық қызмет жүргізеді. Біз бірқатар, сапаны және аккредиттеуді қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық, азиялық және америкалық желілердің және агенттіктердің мүшесі болып табыламыз:

» Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің халықаралық желісі (INQAAHE), – толық мүше;  
» Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастық (ENQA), – толық мүше;
»Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азиялық-Тынық мұхиттық желі (APQN) – аралық мүше;
» Академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерватория (IREG) – толық мүше;  
» Білім берудің және ислам әлемінің сапа кепілдіктері агенттіктерінің қауымдастығы (AQAAIW) – толық мүше;
» АҚШ жоғары білім беруіді аккредиттеу бойынша Халықаралық сапа тобы Кеңесінің мүшесі болып табылады (CIQG);

» АРТА Білім беру сапасы кепілдігі бойынша агенттіктердің Еуропалық тізіліміне (EQAR) енді;

» АРТА Бүкіләлемдік медициналық білім беру федерациясымен (ВФМО) мойындалды.