АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» КЕМ 2017 жылғы 10 қарашада Астана қаласында «Білікті кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз етудің факторы ретінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу» халықаралық семинар-тренингін өткізеді.

Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Германия Халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ),  «Кәсіптік білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Ұлттық агенттіктің»   (ANACIP, Молдовия Республикасы), ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кәсіптік және техникалық білім беру және арнаулы орта білім беру жүйесінде кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымның, Республикалық кәсіптік білім беру институтының (Беларусь Республикасы), «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер одағының, «Кәсіпқор» холдингі ҰАҚ-ның, Алматы қаласы колледждері қауымдастығының, Қазақстан Республикасы  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады.

Семинар-тренингтің алаңы Қазақстанда кәсіптік білім беруді дамыту, кәсіби кадрлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласында өзекті мәселелерді талқылауға бірегей мүмкіндік береді, сондай-ақ кадрлар даярлау және қайта даярлау саласында ынтымақтастық аясын кеңейтуге, аккредиттелген колледждердің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

Іс-шараның халықаралық мәртебесін ескере отырып, Сізді халыралық семинар-тренингтің жұмысына қатысуға шақырамыз.

Форумның өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Қобыз Сарайы» сарайы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 18, «Орхидея» конференц залы, 2-қабат.

Семинар-тренингтің бағдарламасы қоса беріледі.

Бағдарламаны жүктеу 

Семинар-тренингтің фотосуреттері келесі сілтеме бойынша қол жетімді. 

Презентация Гасимов Р Г

Презентация Татибеков С М

Презентация Яновская О А

Презентация Хасин В М