Білімі:

  • Петропавл педагогикалық институты
  • Целиноград ауыл шаруашылығы институты

Кәсіби қызмет тәжірибесі:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары
  • Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
  • Мемлекеттік, партиялық және шаруашылық органдарында жұмыс тәжірибесі (облыстық партия комитеті бөлімі меңгерушісінің орынбасары және Петропавл қалалық партия комитетінің хатшысы; Сергеев аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Сергеев аудандық комитетінің бірінші хатшысы және Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы)
  • Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі (Петропавл экономикалық колледжінің директоры, орта мектеп директоры, тарих мұғалімі)

Қоғамдық қызметі:

  • ҚР Парламентінің Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, Польша, Еуропалық Парламенттегі, НАТО-дағы өкілі
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі
  • Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, ҰДП "Нұр Отан"
  • Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары қауымдастығы Астана филиалының төрағасы

Жетістіктері мен жарияланымдары:

  • Экономика ғылымдарының докторы, саяси ғылымдарының кандидаты
  • Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі
  • 50-ден астам ғылыми мақалалар мен басылымдар жарияланды

Марапаттары:

  • "Құрмет" ордені, "Содружество" халықаралық ордені және төрт медаль иегері