2017 жылдың 28 шілдесінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Директоры А.Б.Жумагулова жоғары білім беруді бағалау және аккредиттеу бойынша португалдық Агенттікке (A3ES, Лиссабон) ресми іс-сапармен барды. A3ES жетекшілігімен кездесу барысында эксперттермен алмасу саласындағы серіктестік перспективасы және білім берудің сапасын қамтамасыз ету бойынша ортақ жобалар талқыланды. Келіссөздер нәтижесі бойынша серіктестік туралы Меморандум жасау және қол қоб туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, кездесу барысында АРТА Директорына португалдық агенттіктің инфрақұрылымымен, қызметкерлерімен танысу және жоғарғы оқу орындарын аккредиттеудің шетелдік тәжірибесін зерттеу мүмкіндігі туды.