2017 жыл 6 қазанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тағам қайта өңдеу, тоқымажәне жеңіл өнеркәсіп, бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлық индустриясының жоғары білікті мамандарын және ғылыми кадрларын дайындау бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орыны - Алматы технологиялық университетінің 60 жылдық мерейтойын тойлауға арналған «Тағам, жеңл өнеркәсіп және қонақжайлық индустриясының инновациялық дамуы» Халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференцияға қатысты.
АРТА ұжымы Алматы технологиялық университетінің қызметкерлерін және профессорлық-оқытушылық құрамын шын жүректен құттықтайды!