2017 жыл 14 қарашада АРТА Бүкіләлемдік банк, ҚР БҒМ, « Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы, FIBAA халықаралық агенттігі, білім беру мекемелері өкілдерімен бірге «Ұлттық біліктілік шеңбері контекстінде білім беру сапасын қамтамасыз ету және оқу бағдарламаларын модернизациялау» дөңгелек үстелі жұмысына қатысты.
Баяндамамен сөз сөйлегендер – Бүкіләлемдік банк жобасы сарапшысы Йоханс Шустередер, FIBAA аккредиттеу бойынша халықаралық агенттіктің өкілетті маманы Яна А.Беккер, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры – Омирбаев С.М. Талқылау кезінде оқу бағдарламаларын жетілдіру әдістемесінің негізгі сұрақтары, білім беруде тұрақты бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін аккредиттеу жүйесін жетілдіру сұрақтары және білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары қозғалды.