2017 жыл 17 қараша күні Алматы қаласында АРТА өкілдері ҚР БҒМ «ҚР жоғарғы оқу орындары ассоциациясы» бірлесе өткізген « Жоғарғы оқу орындарының басқарулық және академиялық дербестігін кеңейту сұрақтары бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерту және толықтыру енгізу туралы» ҚР Заң жобасын талқылауға белсенді қатысты. Заң жобасын дайындау бойынша баяндамамен ҚР БҒМ Жоғарғы және жоо кейінгі білім департаменті директоры Кобенова Г.И, ҚР Парламентінің жұмыс тобының мүшесі Омирбаев С.М, Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР жоғарғы оқу орындарының ассоциациясының президенті Алшанов Р.А. сөз сөйледі. Аталған іс-шараға республиканың жоо ректорлары мен проректорлары қатысты.