2017 жыл 7 желтоқсанда Республикалық жоғарғы медициналық колледжінің 80-жылдық мерейтойы аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (бұдан әрі - АРТА) «Денсаулық сақтау жүйесінде техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына баяндамамен қатысты.
Ұжым жетекшілікті, оқытушылар құрамын, студенттерді және түлектерді Колледждің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады! Мұндай маңызды күні РЖМК 80 жылдық мерейтой құрметіне ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға АРТА медициналық білім беру мекемелерін институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өткізу бойынша жоба жетекшісі Джакенова А.С. қатысты.
80 жыл - мерейтой , сонымен қатар, табысты жұмыспен, көпжылдық қызметте қол жеткізген жетістіктерді қорытындылау. Бұл жылдар - бірнеше ұрпақтық педагогикалық ұжымының Қазақстан үшін жоғары білікті медициналық кадрларды дайындаудағы шығармашылық еңбегімен белгіленген жылдар. Колледждің педагогикалық шеберлігінің, даналығының және шыдамдылығының арқасында медициналық қызметшілердің кәсіби қалыптасуы іске асуда. Студенттерді кәсіптік дайындауға тәжірибелі оқытушылар, соның ішінде, орта және бірінші категория оқытушылар, докторанттар мен ғылым кандидаттар ат салысқан.
Республикалық жоғарғы медициналық колледж ұжымына мықты денсаулық, амандық-саулық, үлкен бақыт және жас мамандарды дайындау мен тәрбиелеуде жаңа табыстар тілейміз!