2017 жылдың соңына дейін санаулы күндер қалды, жаңартылған мақсат пен жарқын үмітпен 2018 жылға қадам баспақшымыз. Жаңа жыл - балалар ерекше күтетін сиқыр мезгілі.
Жаңа жылдық мереке қарсаңында АРТА қызметкерлері өз достарына - Астана қаласындағы «SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілерін барып қайтты. Жыл бойы біз тағдыр тауқыметінде қалған балаларға көмек көрсетуге, ықылас пен жылулығымызды беруге тырысамыз. Қазір де солай. Балаларға қажетті сыйлықтар мен тәттілер беріліп, жаңа жылдық шынайы тілектер айтылды.
Барлық балаларға денсаулық, жаңа жылда сенімді және батыл қадам тілейміз. Айларыңыз оңынан туып, жүректеріңіздегі үміт оты сөнбесін!