2018 жыл 16 қаңтардан 18 қаңтар аралығында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сарапшылық комиссиясы «ДИАНА» медициналық колледжі мекемесіне сапарында Жаркент қаласында болды. Сыртқы сарапшылық топ құрамында республиканың медициналық мекемелерінің өкілдері (Республикалық жоғарғы медициналық колледжі, Алматы қаласы, ЖШС «Медико-техникалық колледж, Астана қаласы», ЖШС«Есік медициналық колледжі» Есік қаласы, «Жаркент-Дауа» Медициналық орталығы, Жаркент қаласы және т.б.), Қырғыз Республикасынан шетел сарапшысы («Гаудеамус» білім-оқытушылық орталығының медициналық жоо өкілі), жұмыс беруші өкілі және студенттер болды.
Комиссия жұмысы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында іске асырылды. Сарапшылар колледждің негізгі клиникалық базаларына барды: Панфилов ауданы Орталық ауруханасы және ШЖҚ РМК «Жаркент қаласы Перзентханасы» бөлімдері, жетекшілермен және педагогикалық құраммен, студенттермен, жұмыс берушілермен және түлектермен сұхбат жүргізді.