ҚР Білім және ғылым министрлігі, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, КЕАҚ "Кәсіпқор" Холдингі, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», педагогикалық мамандықтар бойынша кадрларды дайындайтын 103 колледж және т.б. өкілдері ТжКБ жүйесінде мектепте оқытудың жаңартылған мазмұнымен сәйкес оқыту мазмұны трансформациясы және педагогикалық кадрларды дайындау тәжірибесінің көкейкесті сұрақтарын талқылады.

АРТА кеңесшісі Яновская О.А. "ТжКБ мекемелерін аккредиттеу мамандарды дайындаудың сапасын арттыру факторы ретінде" тақырыбында баяндама жасады. Семинарды өткізу нәтижелері бойынша кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің педагогикалық кадрларды дайындаудың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстар талқыланды және қабылданды.