2018 жыл 1 наурыз күні Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері «Алғыс айту күніне» орай арналған SOS Балалар ауылы (Астана) өткізген мерекелік іс-шараға қатысып, балаларға арналған сыйлықтарды табыстады. Мерекеге қонақ ретінде ҚР Парламент Мәжілісі Депутаты С.Т. Сейдуманов, Астана қаласы білім басқармасы өкілдері қатысты.