2018 жыл 13 наурызда EQAR Президенті Karl Dittrich және профессор Sundara (Sam) Lingam Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (АРТА) болды. Сапар барысында қонақтар агенттік қызметкерлерімен және жұмысты ұйымдастыру барысымен танысты. Кездесу кезінде АРТА сарапшыларын кәсіби дамыту бойынша халықаралық семинардың қортындысы бойынша пайдалы пікір алысу өтті және жоғары білім сапасын бағалау саласындағы серіктестік перспективалары талқыланды.