Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі КМҚМ «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» базасында өткен «Тау-кен – металлургиялық сала үшін кадрларды дайындау аймақтың экономикасын дамытудың жетістігі кепілі ретініде» семинар-практикумына қатысты. Семинар барысында тау-кен – металлургия саласындағы кадрлар тапшылығы, кәсіпкерлік білім: Қазақстандағы өсу нүктелері дәне перспективалар; ТжКБ модернизацияланған жүйесінде тау-кен өндірістік кадрларды дайындау мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Республикасындағы ТжКБ мекемелерінің сапасын сырқы бағалау» секциясында колледждердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату өзекті сұрақтары, сонымен қатар, АРТА сарапшысы Гасимов Р.Г баяндамамен сөз сөйлеп, халықаралық аккредиттеу рәсімінен өту дайындығы талқыланды.