2018 жылы 27 сәуірде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Астана қаласы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті базасында өткен «Внедрение Системы Обеспечения Качества Образования посредством сотрудничества Университет-Бизнес-Государство в вузах (EDUQAS)» жоба мониторингісіне қатысты. АРТА EDUQAS жобасының ұлттық деңгейдегі серіктесі болып табылады.

Жобаның мақсаты серіктес-мемлекеттердегі университет студенттерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жоғарылататын ішкі тиімді сапа стандарттарын жасау арқылы білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады. Сапаны ішкі бақылау жүйесі қазақстандық және украиндық жоо мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне, тәжірибесіне және Болон үрдісіндегі сапа жүйесінің үздік тәжірибелеріне негізделеді.

Мониторингқа Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі директоры Тасбулатова Ш.У., ҚазЭҚжХСУ ректоры Абдыманапов С.А., стратегиялық даму және халықаралық қызмет бойынша проректор Токсанова А.Н., халықаралық серіктестік бастығы Нугманова М.С., АРТА ақпараттық-аналитикалық жоба жетекшісі Кыдырмина Н.А. және т.б. қатысты. Кездесу барысында жобаның реализациялану барысы және күтілетін нәтижелер талқыланды, Тасбулатова Ш.У. мониторингтің болжалдық нәтижелерімен бөлісті.