Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің директоры А. Жұмағұлова 2018 жылдың 2 қазанында ЭКСПО көрме кешенінде өткен «Үздік оқытушы» атты салтанатты шараға қатысты, республикалық байқаудың жеңімпаздарын кәсіби мереке қарсаңында - Мұғалімдер күні мерекесімен құттықтады. Осы күні еліміздің 64 мұғалімі, өздерінің мемлекет үшін қажырлы еңбегі үшін, алғыс пен құрмет белгісі ретінде«2018 жылдың ең үздік оқытушысы» төсбелгісімен марапатталды.2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл байқау талантты, шығармашылық жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтауға және олардың тәжірибелерін насихаттауға, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыруға бағытталған.