2018 жылы 18 қазанда Астана қаласында Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі Астанада өткен “Орталық Азиядағы өңірлік реттеу: Қазақстанның рөлі” атты конференцияға стратегиялық даму жөніндегі АРТА кеңесшісі, саясаттану ғылымдарының докторы Гульнар Ысқақова қатысты. Конференцияда Орталық Азия мемлекеттерінің ғалымдары мен сарапшылары жиналды және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік стратегиясының басымдықтары, аймақтық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа идеялар мен ықтимал пішімдер қалыптастыру мәселелерін талқылады.