2018 жылдың 11-12 қазанында Қырғызстан астанасында «Тұрақты даму мақсаттары аясында ТМД елдерінің білім беру жүйесін дамыту» мұғалімдер мен білім қызметкерлері V съезі өтті. Конгресске Қырғызстан, Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Армения, Түрікменстан, Тәжікстан, ТМД Атқару комитетінің өкілдері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры, Парламентаралық Ассамблея, ЮНЕСКО өкілдері қатысты.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков делегацияларға құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Суанбердиева ҚР БҒМ атынан және қазақстандық делегация атынан сөз сөйледі. Қазақстандық делегациясы құрамында Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігінің директоры А. Жұмағұлова болды.

Съезд интеграциялық үдерістерді дамыту үшін жағдай жасауға, білім беру саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен тетіктерін белсенді іздестіруге бағытталған.

ТМД елдерінің үздік мұғалімдері мен білім қызметкерлері "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру үздігі" төс белгісімен марапатталды.