2019 жылдың 25 қаңтарында АРТА конференц-залында келесі білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында Сыртқы сараптау комиссияларының (ССК) материалдарын қарау бойынша Аккредиттеу Кеңесінің кезекті отырысы өтті:

1) Алматы технологиялық университеті;

2) М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;

3) Қазақ-Орыс Халықаралық университеті;

4) «Авиценна» жоғары медициналық колледжі (Семей қ.);

5) Ұлттық медициналық білім беру орталығы;

6) Республикалық медицина академиясы;

7) Дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқытудың өңірлік институты.

Отырыс барысында, ССК төрағалары жоғары оқу орындарының қызметін АРТА стандарттарына сәйкестігін бағалау нәтижелері туралы есептерді егжей-тегжейлі таныстырды, күшті және әлсіз жақтардың параметрлері талқыланды, сондай-ақ аккредиттелген ұйымдардың қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.

Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты Аккредиттеу бөлімінен табуға болады.