2013 жылдың 25-26 сәуір аралығында Прага қаласында (Чех Республикасы) Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының (ENQA) кезекті Мүшелер Форумы болып өтті. Форум Чех Республикасының Аккредиттеу комиссиясымен (ACCR) бірлесе ұйымдастырылды. Осындай сапаны қамтамасыз ету саласындағы аса маңызды іс-шараға ENQA-ға мүше ұйымдарының 80-нен астам өкілдері қатысты. Естеріңізде болса, АРТА ENQA-ның үлестес мүшесі болып табылады. 

Бүгінгі таңда Агенттік ENQA-ның толық мүшесі мәртебесін алу мақсатында дайындық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған орай, АРТА өкілі (Халықаралық жобалардың жетекшісі Т.Е: Қанапьянов) ENQA Мүшелерінің III Форумына белсенді түрде қатысып келді. 
Форумда талқыланған негізгі тақырыптар келесідей болды: жоғары білімдегі басымдылық (excellence), ESG-ды қайта қарау. Сонымен қатар, жұмыс топтарының сессияларында сапаны қамтамасыз етудің ықпалы, өмір бойы білім алу (LLL), сапаны қаматмасыз ету бойынша агенттіктер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мүдделі тараптарды тарту (Stakeholders’ involvement) жөніндегі мәселелер қызу талқыланды. 
Кезедесудің соңғы күні аталған Форумның шеңберінде ENQA Генералдық ассамблеясы болып өтті.