2013 жылдың 8-11 сәуір аралығында Тайбэй қаласында (Тайвань) Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің халықаралық желісінің (INQAAHE) «Әралуандықты басқару: сапаны қамтамасыз етудің орнықты үдерісі» атты халықаралық конференциясы орын алды. Конференцияны қабылдаушы тарап ретінде Тайваньның аккредиттеу және жоғары білімді бағалау кеңесі HEEACT (Higher Education Evaluation & Accreditation Council of Taiwan) өз қызметін атқарды.
Осы конференция шеңберінде әртүрлі елдерден келген 190-нан астам қатысушылар тәжірибе алмасып, келесі өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігіне ие болды:
- Трансшекаралық білімнің сапасын қамтамасыз ету;
- Жоғары білім берудегі сыртқы сапаны қамсыздандырудың инновациялық тәсілдері: кемелдікке деген алуан түрлі тәсілдер;
- Сыртқы және ішкі сапаны қамтамасыз етудің ықпалы: жалпы мәселелер бойынша аймақтық перспективалар;
- Ұлттық біліктілік шеңбері және оның сапаны қамтамасыз етумен байланысы (мүдделі жақтардың қатысуымен).
INQAAHE конференциясына Қазақстан Республикасынан АРТА халықаралық жобаларының жетекшісі Т.Е. Қанапиянов қатысты. Бұл жерде АРТА INQAAHE-нің толық мүшесі болып табылатынын атап айтқымыз келеді.
Конференция шеңберінде, сондай-ақ, INQAAHE басқарма мүшелерінің (10 сәуір) және аймақтық желілер өкілдерінің (12 сәуір) кездесулері болып өтті.
Конференция қатысушыларының баяндамалары мен мақалаларын INQAAHE конференциясының ресми сайтында таба аласыздар.