2013 жылдың 12 наурызында АРТА Аккредиттеу Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында тәуелсіз бағалау нәтижелері негізінде келесі ЖОО-ларды институционалдық аккредиттеу туралы шешім қабылданды: 
* Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы,
* С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,
* Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті,
* Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты,
* Семей мемлекеттік педагогикалық институты.

Сонымен қатар, отырыс барысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Физика», «Математика» мен «Биология» білім беру бағдарламалары және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Физика», «Математика», «Информатика», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламалары аккредиттелді. 
Бұл туралы толық мәліметті біздің сайтымыздағы «Аккредиттеу» бөлімінен таба аласыз.