2013 жылдың 28-31 қаңтар аралығында Вашингтонда АҚШ-тың Жоғары білім беруді аккредиттеу кеңесі (CHEA) «Аккредиттеу, жоғары білім және инновациялық орта: болашаққа қадам» тақырыбындағы жыл сайынғы халықаралық конференциясын өткізді. Бұл конференцияға Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) Халықаралық жобалар жетекшісі Т.Е. Қанапьянов қатысты. Сонымен қатар, осы конференцияның шеңберінде Жоғары білім беруді аккредиттеу кеңесі құрған (CHEA) Халықаралық сапа тобының жыл сайынғы отырысы болып өтті. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап АРТА аталған Халықаралық сапа тобының толық қанды мүшесі болып табылады. Конференцияға әлемнің барлық бұрышынан, әр түрлі мемлекеттерден келген білім беру және аккредиттеу қоғамдастығының өкілдері қатысты. Жоғарыда айтылған шараларға ТМД мен Орталық Азия елдерінің арасынан тек қазақстандық сарапшылар қатысқанын атап айтқан маңызды.
Конференция жоғары білім беру және аккредиттеу саласындағы өзекті және қазіргі заманғы халықаралық үдерістерге бағытталып, онда келесі мәселелер талқыға түсті: Жоғары білім беру, сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ахуал; Аккредиттеу, жаңа әкімшілік және жаңа конгресс; Аккредиттеу және академиялық еркіндік; Аккредиттеу және электрондық технологиялар; Көлемді (массивные) ашық онлайн курстар және аккредиттеу; Институционалдық басшылық және аккредиттеудің рөлі; АҚШ-тың федералдық саясаты және аккредиттеу; Кредиттік сағаттың болашағы; Коммерциялық сала: қазір қай жерде және қай жерде болғысы келеді?
Баяндама жасау барысында Еуропалық Университеттер Ассоциациясының Бас хатшысы Лесли Уилсон бүгінгі таңда Қазақстанды білім беру және аккредиттеу саласында еуропалық мемлекетке айналғанын ерекше атап өтті.
CHEA Халықаралық сапа тобының отырысында осы топтың негізгі тұжырымдамасы алға тартылды. Оның негізгі мақсаты қазіргі заманғы және бәсекеге толы әлемдегі жоғары білім беру сапасының халықаралық мәселелерін түсінуді ілгері бастырту болып табылады. Бұл отырыстың аясында білім беру жүйесінің халықаралық сарапшылары келесі тақырыптарды қамтитын мазмұнды баяндамалар жасады: Халықаралық жоғары білім берудің мәселелері мен үрдістері: сапаны қамтамасыз етуге ықпалы; Академиялық жемқорлық: біз не білеміз, не білу керек және не істеп жатырмыз?; Ашық білім үшін қозғалыс: сапаны қамтамасыз етудің тегеуріндері мен мүмкіндіктері; Өтпелі кезеңдегі жоғары білім беру жүйелері: Орталық және Шығыс Еуропадағы сапаны қамтамасыз ету.
Бұл конференция әр түрлі елдерден келген қатысушылар үшін диалогтық алаңға айналды. Конференция барысында тек жоғары білім мен аккредиттеудің қазіргі заман мәселелері ғана талқыланып қоймай, сондай-ақ әр түрлі елдер мен білім беру жүйелерінің өкілдері арасында тәжірибе мен пікір алмасуға мүмкіндік болды.
Қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу Еуропада қалай өтіп жатқанын ғана емес, сонымен бірге жоғары білім беру сапасын бағалаудың ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, дәстүрлі рәсімдері бар АҚШ-тың да тәжірибесін біліп жүрген маңызды. Халықаралық конференция нәтижесінде қазақстандық сарапшылар Батыстың аккредиттеу жүйесімен жақынырақ танысып, әр түрлі елдер өкілдерімен (АҚШ, Бельгия, Польша, Хорватия және т.б.) кәсіби байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды.