2013 жылдың 23-24 қаңтарында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (бұдан әрі – АРТА) Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің негізінде «Қазақстандағы білім беру ұйымдарын аккредиттеудің міндеттері мен болашағы» атты семинар-тренинг өткізді. Аталған семинардың мақсаты АРТА-ның стандарттары мен өлшемдері бойынша аккредиттеу рәсімі жөнінде сыртқы сарапшыларды оқыту болып табылады. Семинарда аккредиттеу мен білім беру сапасы саласындағы жетекші Қазақстандық сарапшылар баяндама жасады.
Семинар-тренингтің нәтижесі бойынша қатысушыларға сарапшының маманданымы туралы Куәлік салтанатты түрде тапсырылды. Бұл Куәлік сарапшыға ҚР білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу кезінде АРТА Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысына қатысуға мүмкіндік береді және бес жылға дейін жарамды.