АРТА Сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) Семей мемлекеттік педагогикалық институтына кезекті сапары орын алды. Комиссия жұмысы 2012 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында институционалдық аккредиттеу аясында жүзеге асты.
ССК құрамы білім беру жүйесіндегі жетекші қазақстандық және ресейлік сарапшылардан құрылды. Комиссия жұмысында пед.ғ.д., Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректоры Мальтекбасов Марат Жабықбайұлы төрағалық етті. Сарапшылар тобына: пед.ғ.д., профессор, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, Математика және информатика институты директорының орынбасары Гриншкун Вадим Валерьевич; пед.ғ.д., профессор, В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік білім академиясының ғылыми істер жөніндегі проректоры Мокрецова Людмила Алексеевна және пед.ғ.д., Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Сапаны бақылау басқармасының бастығы Скиба Марина Александровна енді.
Жұмыс берушілердің атынан сарапшы ретінде «Семей қаласының білім бөлімі» ММ бастығы Алтынбекова Гүлжан Қайырханқызы қатысты. ССК жұмысына студенттік жастардың өкілі ретінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Ысқақов Бауыржан Мырзабекұлы қатысты.
ССК сапарының негізгі мақсаты белгіленген институционалдық аккредиттеу стандарттары мен өлшемдері бойынша жоғары оқу орны (ЖОО) қызметінің сапасын бағалау және Аккредиттеу кеңесінің отырысында Семей мемлекеттік педагогикалық институтын аккредиттеу мәселесін қарастыру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылды.
Сапаны бағалау білім алушылар және оқытушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу арқылы анықталды. ЖОО түлектері және жұмыс берушілермен әңгімелесу ұйымдастырылды. ССК мүшелері оқыту сабақтарына қатысып, ғылыми кітапхананы, компьютер сыныптарын, лингафон кабинетін, спортзал, мәжіліс залын аралады.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын аккредиттеу туралы шешім АРТА Аккредиттеу Кеңесінің отырысында қабылданады.