АРТА 2016 жылғы рейтинг әдістемесі бойынша семинар өткізді.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2016 жылғы 22 қаңтарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында  (бас корпус, бөлме №303) проректорларға, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен рейтинг өткізуге жауапты қызметкерлерге арналған семинар өткізді.

Семинарды АРТА Ғылыми кеңесшісі Сейдахметова Римма Ғаниқызы, АРТА сарапшысы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Шүңкеев Қуанышбек Шүңкейұлы, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу жобасының жетекшісі Гасимов Ринат Гаптулханович жүргізді.

 

Семинар бағдарламасында келесі тақырыптар қамтылды:

•  Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын тәуелсіз бағалау жүйесі;

•  Білім беру бағыттары мен деңгейлеріне сәйкес мамандарды даярлау бойынша ҚР ЖОО-ларын саралау әдіснамасы

•  ҚР ЖОО-ның саралау әдіснемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша АРТА сарапшыларының ұсыныстарын талқылау

•  ҚР жоғары оқу орындарының саралау бағдарламасын электрондық толтыру бойынша кеңес беру және тренинг өткізу

• АРТА рейтингісінің нәтижелері бойынша компьютерлік саралауды көрсету

 

 Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға АРТА сертификаттары тапсырылды.