6 сәуірде АРТА Алматы қаласы білім басқармасымен бірлесе отырып ТжКБ ұйымдарының директорларымен сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу мәселесі жайында семинар-кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына Аккредиттеу кеңесінің төрағасы, АРТА ғылыми кеңесшісі – Сейдахметова Римма Ганиевна, Алматы қаласы Білім басқармасының Тжкб бөлімі бастығы Жакылбаева Ляззат Ауесхановна және АРТА ТжКБ ұйымдарының аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі – Гасимов Ринат Гаптулханович.