2016 жылы 27 сәуірде аккредиттеу рәсімінде  студенттерді оқыту үшін "Сапаны сырттай бағалау рәсіміндегі студенттің рөлі" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына Нархоз Университеті ректоры  - Кшиштоф Рыбиньски қатысып, өз сөзінде университеттегі  білім, ғылым және бизнестегі инновациялық IT-шешімдерін атап өтті. 


Семинар-тренингті Нархоз Университетінің "Білім берудегі Менеджмент" орталығының жетекшісі, АРТА сараптама кеңесінің төрағасы Скиба Марина Александровна өткізді.
 Семинар жұмысы барысында шетелде және Қазақстандағы аккредиттеу сұрақтары, студентке бағытталған білім беру мәселесі талқыланды, сонымен қатар АРТА стандарттары мен білім сапасын бағалау критерийлерінің мазмұны қарастырылды.
АРТА институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша жоба жетекшісі  Инара Мұхтарова АРТА сыртқы сарапшыларды іріктеу критерийлері,  сарапшылармен  жасалатын біліктілік талаптары критерийлері жайлы баяндады. Сауалнама жүргізу механизмі сұрақтары егжей-тегжейлі түсіндірілді.