2016 жылы 29 сәуірде Будапешт қаласында ENQA Мүшелерінің Форумы шеңберінде АРТА аккредиттеу, сертификаттау және сапамен қамтамасыз ету Институтымен (ACQUIN, Германия) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Білім сапасын қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті сарапшыларды тағайындау, ортақ білім беру бағдарламаларын дайындау, білім саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатымен АРТА Директоры Жумагулова Алина және  ACQUIN Төрағасы Prof. Dr. Gerd Zimmermann Меморандумға қол қойды.