3-4 мамырда 2016 жылы Берлин қ. (Германия) ASIIN Халықаралық конференциясы өтуде . 
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) ғылыми кеңесшісі  және Халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс жетекшісі   инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу Агенттігінің(ASIIN) Халықаралық конференциялар жұмысына  қатысады. Конференцияның тақырыбы "Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету - оның іске асырылмаған мүмкіндіктерінің шешілмеген проблемалары.  Бес ауқымды мәселені қалай бірлесе шешуге болады?".

Конференцияға ASIIN директоры  Dr. Iring Wasser, АҚШ жоғары білім беруді аккредиттеу бойынша Кеңес (CHEA) президенті Dr. Judith Eaton, президенті, Азия-Тынық мұхит желісінің сапамен қамтамасыз ету (APQN) және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Халықаралық агенттіктер желісінің (INQAAHE) президенті Dr. Jagannath Patil, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастығының президенті (ENQA) Dr. Padraig Walsh және басқалары қатысты.Бағдарламада еуропалық және американдық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттіктер  желілерінің басшылары баяндамалары қарастырылды.

Конференция сапаны қамтамасыз ету саласындағы бес ауқымды проблемаларды талқылауға арналған алаңын құруға бағытталған :

  • 2030 жылға дейін сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеудегі универститеттердің әлеуеті 
  • халықаралық деңгейде саяси және экономикалық интеграция үшін жаңа құрал ретінде сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеудің әлеуеті

  • Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуге қоғамның қызығушылығын қалай ынталандыру.а болады?
  • Жұмыспен қамту секторы үшін сапаны қамтамасыз ету мәселесі маңыздылығын қалай көтеруге болады? Сапаны қамтамасыз ету нәтижелерін пайдалануда өнеркәсіптің рөлі қандай болу керек?
  • академиялық және кәсіби ұйымдарға академиялық дәрежені танытудағы сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеудің әлеуеті