Семинарда АРТА сараптамалық кеңестің төрағасы - Скиба Марина Александровна (Нархоз Университетінің "Білім берудегі Менеджмент" орталығының жетекшісі) аккредиттеу рәсімін, АРТА институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттар мазмұнын және бағалау критерийлерін түсіндірді.Еуропалық стандарттар және сапаны қамтамасыз ету бойынша басшылықпен (Ереван, 2015) қарастырылған  АРТА  институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына ерекше назар аударылды. Соның ішінде, студентке бағытталған білім беру және Қазақстандағы ЖОО сапамен қамтамасыз етудің  жалпы тұжырымдамасы бойынша сұрақтар қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға АРТА сертификаттары табыс етілді.