2016 жылы 4 мамырда "Сапаны сырттай бағалау рәсіміндегі студенттің рөлі" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар-тренингті Нархоз Университетінің "Білім берудегі Менеджмент" орталығының жетекшісі, АРТА сараптама кеңесінің төрағасы Скиба Марина Александровна өткізді. Семинар жұмысы барысында шетелде және Қазақстандағы аккредиттеу сұрақтары, студентке бағытталған білім беру мәселесі талқыланды, сонымен қатар АРТА стандарттары мен білім сапасын бағалау критерийлерінің мазмұны қарастырылды. ЖОО сыртқы эксперттік комиссиясының сапар барысында ПОҚ және студенттердің сауалнама жүргізу механизмі бойынша сұрақтар егжей-тегжейлі талқыға түсті. Білім беру семинары нәтижелері бойынша Астана қаласының 35-тен жоғары студенттері сертификат алды.