15-17 мамырда 2016 жылы аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды. (Ш. Уәлиханов атындағы КМУ)  Комиссия жұмысы17 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеу жұмысы шеңберінде  жүзеге асырылады. Оның құрамына отандық және шетел сарапшылары қатысты. ССК Төрағасы  Шкутина Лариса Арнольдовна, д. пед.н.,  Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті профессоры (Қарағанды қ.) болды.

   ССК сапары мақсаты - АРТА мамандандырылған аккредиттеудің критерийлері мен стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау  және Аккредиттеу кеңесінде білім беру бағдарламаларында мәлімделген аккредиттеу туралы сұрақтарды қарастыруға ұсынымдар әзірлеу болып табылды.
   Сапасны бағалау білім алушылар мен оқытушылармен сұхбаттасу, сауалнама жүргізу арқылы анықталды.
мақсатты топтармен жұмыспен қатар, білім алушылар мен оқытушылар, түлектер мен жұмыс берушілермен әңгімелесу жүргізілді.
   ССК мүшелері білім беру бағдарламалары бойынша оқыту сабақтарына қатысып, сондай-ақ кітапхананы, компьютерлік сыныптар мен зертханаларға барып, университеттің материалдық-техникалық базасын бағалады.
   Аккредиттелетін білім бағдарламасының аккредиттеу туралы шешімі  АРТА Аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысында қабылданады .