14-17 қазанда 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс сапасының сәйкестігін бағалау АРТА Сыртқы сараптау комиссиясымен мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сай жүзеге асырылған болатын. Келесі рәсімдер шеңберінде 25 мен 27 мамыр аралығында Сыртқы сараптау комиссиясы ұсынымдары бойынша агенттіктің сараптау тобы іс-шаралар Жоспарының іске асыру постаккредитациялық мониторингін өткізеді. Университеттің постаккредитациялық мониторингі бойынша Сараптама комиссиясының құрамына ұлттық сарапшы т. ғ. д., Мемлекеттік университет (Семей қ.) профессоры Смирнов М. Б., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті пед.ғ.к., доцент Төртқараева Г. Б., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техникалық ғылымдар магистрі Алдабергенова С.С., Агенттіктің постаккредитациялық мониторинг жетекшісі Шалабаева Ж.И. және басқалары кірді.