26 мамыр 2016 жылы инженерлік және техникалық бағыттағы ғылымдардың Еуропалық Комитеті Төрағасы Игорь Эмри Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде жұмыс сапарымен болды. Механикалық материалдар саласында Еуропаның жетекші маманы, Алтын белгі (Ресей) және Лазана (АҚШ) сыйлығының лауреаты және басқа да АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінің беделді ғылыми ұйымдарының сыйлықақылар иесі Игорь Эмри 150-ден астам ғылыми жарияланым авторы және 23 халықаралық американдық және еуропалық патенттер иегері болып табылады. Кездесуде АРТА Директоры Жумагулова А.Б., ғылыми кеңесші Сейдахметова Р.Г қатысуымен Қазақстандағы сапаны тәуелсіз бағалау жүйесін дамытудың мәселелері және келешегі, ынтымақтастық мәселелері және т. б. талқыланды. Директор Жумагулова А.Б. агенттіктің стратегиялық мақсаты мен миссиясы, сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету саласындағы АРТА саясаты туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.