Әріптестік байланыстарды кеңейту аясында АРТА Директоры Жумагулова А.Б. "ҚР ғылыми және технологиялық ұйымдар Қауымдастығымен" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды . "ҚР ғылыми және технологиялық ұйымдар Қауымдастығы" (ҒжТҰҚ) заңды тұлғалар бірлестігі 2000 жылы құрылды. Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты - елдің және ғылымның дамуы, экономика, білім берудің прогрессивті дамуына жәрдемдесу. Қазіргі уақытта ҒжТҰҚ әртүрлі секторлар мен бағыттағы жұмыс істеп тұрған 20 ұйымды біріктіреді: ғылымдар: химия, физика, оның ішінде ядролық физика, математика, биология, геология, география және т. б.; экономика: жер қойнауын пайдалану, көлік, энергетика, құрылыс, ақпараттық технологиялар және т. б. Тараптар бірлескен жұмыс жүргізуге келісті: - ғылыми ұйымдардың қызметін бағалау туралы аккредиттеу мәселелері бойынша арнайы, өңірлік және халықаралық конгресстер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу және т.б.