2016 жылдың 31 мамыр мен 2 маусым аралығындағы мамандандырылған аккредиттеудің II кезеңі шеңберінде АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы іс сапармен Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті профессоры, т. ғ. д. Пак Юрий Николаевич төрағалығымен сарапшылар білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауды жүргізді. Комиссия құрамында ұлттық және шетелдік сарапшылар, Рига техникалық университеті (Латвия), Химия-технологиялық және металлургиялық университеті (София қ., Болгария), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және т.б. өкілдері, жұмыс берушілер мен студенттер болды.