АРТА Директоры және Ғылыми кеңесшісі 21-22 маусым 2016 ж. Москва қ, РФ "Білім сапасын арттыру құралы ретінде сапа кепілдігі агенттіктерінің халықаралық ынтымақтастығы" тақырыбындағы семинарға қатысады. Халықаралық семинар-кеңес ұйымдастырушысы білім саласындағы Ұлттық аккредиттеу агенттігі (ФБГУ "Росаккредагентство") болып табылады.

Семинарда АРТА Директоры Жумагулова А.Б. «Еуропалық кеңістіктегі Қазақстанның сапаны қамтамасыз ету жүйесінің интеграциясы» тақырыбындағы баяндамасымен шықты. Жумагулова А.Б. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) тәжірибесі негізінде Еуропалық кеңістігіне интеграциядағы Қазақстан практикасымен бөлісті. Сондай-ақ 2010 жылы Болон декларациясына қосылу сәтінен бастап жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуде Қазақстан білім беру жүйесін жаңғырту мен оң өзгерістерге талдау жасалды. Қазақстандық білім берудегі халықаралық танудағы тәуелсіз аккредиттеудің, диплом мен жоғары оқу орындарының, отандық және халықаралық нарықта білім беру қызметінің лайықты жайғастырылуының ерекше рөлі атап көрсетілді.