12-14 маусым 2016 жылы жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі Европа ассоциациясы (ENQA) сарапшылар тобының АРТА-ға сапары өтті.

ENQA сарапшылары АРТА қызметінің Сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық тізіліміне (EQAR) қосыла отырып ENQA-ға толық мүшелік алу мақсатында Еуропалық кеңістіктегі жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттары мен ұсынымдарына (ESG) сәйкестігіне бағалау жүргізді.

Сапар бағдарламасына сәйкес, ENQA сарапшылары Қазақстанның білім берудегі негізгі стейкхолдерлерімен, оның ішінде студенттер, жұмыс берушілер, жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚР БҒМ өкілдері, АРТА сарапшылары және қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасты.

Сондай-ақ ҚР жоғары оқу орындарының тәуелсіз аккредиттеулерінің бүкіл рәсімін реттейтін агенттіктің құжаттамалары мен стандарттарын зерттеуде үлкен жұмыс жүргізілді. Еуропалық сарапшылардың осындай кәсіби сапары АРТА қызметін жақсартуда одан әрі ынталандыратын күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауда септігін тигізді.

ENQA сарапшыларының АРТА-ғы аудит процесі туралы толық мәліметпен ENQA сайтында танысуға болады.