Агенттіктің конференц-залында Аккредитациялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысы барысында Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Орал гуманитарлық колледжі және Қарағанды политехникалық колледжі институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша ССК Төрағаларының есептері тыңдалып, талқыланды. Сондай-ақ, отырыста 2015-2016 жж. постаккредитациялық мониторингі бойынша есебі ұсынылды.

Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты www.iaar.kz сайтында, Аккредиттеу бөлімінде табуға болады.