Мәскеу қаласында өткен "білім беру сапасын арттыру құралы ретіндегі сапа кепілдігінің халықаралық агенттіктер ынтымақтастығы" аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) және Білім сапасын қадағалау мен мансапты дамыту Агенттігі (АККОРК, РЕСЕЙ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастықтың мақсаты болып жоғары,орта кәсіптік және қосымша кәсіптік білім берудің сапасын тәуелсіз бағалау саласындағы кәсіби өзара іс-қимыл, білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық және консультациялық жобаларды іске асыру болып табылады.