21 және 23 маусымда, 2016 жылы АРТА Сыртқы сараптау комиссиясы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде мамандандырылған аккредиттеу аясында білім беру қызметтерінің сапасына бағалау жүргізді.

ССК жұмысы бекітілген бағдарламаға сәйкес өтті, аккредиттеу рәсімін Рига университетінің (Латвия), Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медициналық университеті (Санкт-Петербург қ., РФ), С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы), Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Астана медицина университеті (Астана), Қазақстан-Ресей медициналық университеті және т. б. шетелдік және ұлттық жетекшітәжірибелі сарапшылар жүзеге асырады. ССК құрамында сондай-ақ, сарапшылар - жұмыс берушілер мен студенттік бірлестіктер өкілдері жұмыс істеді.